Тұрсынғали Тұрымұлы Алагөзов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кәсіпкер

Тұрсынғали Тұрымұлы Алагөзов (17 қыркүйек 1969 жыл, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, меценат, «GALANZ bottlers» АҚ негізін қалаушы және Директорлар кеңесінің төрағасы. Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша «Қазақстанның ең бай 75 кәсіпкері» тізіміне кіреді (2025 жылы 61-орын, дәулеті — 130 млн доллар)<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Өмірбаяны

Тұрсынғали Алагөзов 1969 жылы 17 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі — Тұрым Алагөзов, қазақстандық композитор және дирижер. Анасы — Клара Алагөзова, балалар үйінде тәрбиеленген, кәсіпкердің қайырымдылықпен айналысуына анасының тағдыры әсер еткен. Байұлы тайпасы Таз руынан шыққан.<ref>https://www.facebook.com/share/p/1CTc4AXV15/</ref>

Білімі

Кәсіпкерлік жолы

1998 жылы GALANZ bottlers компаниясының негізі қаланды. Бастапқыда «Хрустальная» суын шығарумен айналысса, 2004 жылы нарыққа «Maxi Чай» брендін алып келді.

2013 жылы «DAMU-1» зауытын іске қосты. Зауыт бүгінгі таңда «Maxi Чай», «Sevens», «Garden», «ПервоКВАС», «Daily Fresh», «happy!», «Lime time» өнімдерін нарыққа шығарады.

2023 жылы мамыр айында кәсіпкер Қазақстандағы ең көне Шымкент сыра зауытын сыра зауыттарының бірін 8 млрд теңгеге сатып алды. Зауытты жаңғыртуға 40 млн доллардан астам инвестиция салды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2025 жылдың басында 11 млрд теңгеге ұн және макарон өнімдерін шығаратын JFood Kazakhstan (Цесна-Астық) ірі кәсіпорынды сатып алды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2025 жылы кәсіпкер барлық активтерін біріктіретін «Baiuly Capital Holding» холдингін құратынын мәлімдеді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Активтері мен лауазымдары

Кәсіпорын / Ұйым Лауазымы / Үлесі Қызметі
«GALANZ bottlers» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Сусындар өндірісі (Maxi Чай, Garden, Sevens)
«Шымкент сыра зауыты» ЖШС Меншік иесі Алкогольді және алкогольсіз сусындар
«JFood Kazakhstan» ЖШС Меншік иесі Ұн, макарон өнімдері («Цесна», «Салем»)
«Baiuly Capital Holding» Негізін қалаушы Инвестициялық холдинг
«Mercury.kz» ЖШС Тең құрылтайшы (Баян Алагөзовамен бірге) Көтерме сауда
«Северное сияние ЛТД» ЖШС Меншік иесі

Қайырымдылық қызметі

  • «Аналар үйі» (Дом мамы) жобасының белсенді меценаттарының бірі.
  • 2025 жылы өз компаниясының 65 жастан асқан ата-аналары бар қызметкерлеріне ай сайын 50 000 теңге көлемінде «корпоративтік зейнетақы» төлеу туралы шешім қабылдады.
  • Компанияның 100 қызметкеріне пәтер сыйлап, қайырымдылық акциясын өткізген.

Марапаттары

Жеке өмірі

  • Бірінші некесі: Ляйсара Марат, 30 жылға жуық некеде болған. Бұл некеден Амина (1990 ж.т.) есімді қызы және Арсен (1996 ж.т.) есімді ұлы бар.
  • Екінші некесі: Баян Мақсатқызы, белгілі продюсер. 2017 жылы ресми некеге тұрды. Бұл некеде 2024 жылы Алиса және Алма атты екі қыз бала дүниеге келді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер