Тілектес Асқарова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тілектес Асқарова<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1945 жылы туған, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылы ) – дәрігер. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1969). 1969 – 74 жылдары «Ильич» кеншарындағы ауыл ауруханасында дәрігер, 1974 – 93 жылдары Жаңаөзен қалалық учаске дәрігері, бөлім меңгерушісі, 1993 – 99 жылдары «Мұнайшы» санаторий- профилакторийінің директоры болды. 1999 жылдан санаторий директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары. «Халықтар достығы» (1986) орденімен, мерекелік медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>