Топырақтың механикалық сіңіргіштік қабілеті
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Топырақтың механикалық сіңіргіштік қабілеті — топырақтың өзінің қатты фазасына жанасқан әр түрлі заттарды ұстау қасиеті. Оның механикалық (жоғарғы дисперсті бөлшектерінің топырақ саңылаулары арқылы сіңірілуі), физика-химиялық (қатты фазалар мен топырақ ертінділеріндегі катиондардың алмасуы), химиялық (топырақтағы қатты фазалар мен араласатын, нашар еритін және ерімейтін тұздардың түзілуі), биологиялық (микроорганизмдер мен өсімдік тамыры сіңіретін заттар) түрлері бар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Дереккөздер
<references/>