Тобық Жармағамбетов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тобық Жармағамбетов (1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы — 1973, Ақтөбе қаласы) — жазушы.
- Қазақ мемлекеттік университеттін бітірген (1957)
- Жарқамыс орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеген.
- 1960 жылы Ақтөбе облысы теледидары ашылып, Жармағамбетов оның алғашқы бас редакторы болды.
- Кейін облыстық “Коммунизм жолы” (қазіргі “Ақтөбе”) газетінің әдебиет бөлімінде жұмыс жасады.
Шығармашылығы
- Алғашқы “Ескі жұрт” атты әңгімесі “Жұлдыз” журналында жарық көрді. Осы әңгіме 20 ғ-дың 60-жылдарының басында жарық көрген жас прозашылардың “Жол басы” деп аталатын тұңғыш жинағына енді.
- “Екі жүрек” (1968)
- “Қызыл ай” (1970) әңгімелері
- “Нәзік бұлттар” (1966) кітабын жариялайды.
- Қаламгердің таңдамалы шығармалары “Ақ жауын” деген атпен жарық көрді (1984).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>