Теріскенеспе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

Теріскенеспе – Шалқартеңіз алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ұлытау облысы Ұлытау және Ақтөбе облысы Шалқар аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 115 км, су жиналатын алабы 4170 км2.

Бастауы

Бастауын Ұлытау ауданындағы Жыландытөбе тауының батыс етегіндегі бұлақтардан алып, Еспе сорына сіңіп кетеді.

Гидрологиясы

Ірі салалары - Қарасу, Ақсай, Тереңсай, Еспесай. Аңғары - сазды жазық дала. Қар, жауын-шашын суынан толысады. Көктемде тасиды, жазда иірім қарасуларға бөлінеді. Жауын-шашын тапшы жылдары арнасы кеуіп қалады. Жылдың орташа су шығыны секундына 0,66 м3. Суымен мал суарылады. Алқабы мал жайылымы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер