Темірбек Ибрагимов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Темірбек Ибрагимов (8 қазан 1922 жыл, Шәуілдір ауылы, Отырар ауданы, Түркістан КФР – 15 қазан 1943 жыл, Радуль ауылы, Украин КСР) — әскери қайраткер. Кеңес Одағының Батыры (30 қазан 1943 ж). 1941 жылы желтоқсанда Қызыл Армия қатарына алынып, Қызыл Тулы 69-Севск атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Днепрден өту кезіндегі ұрыста қаһармандықпен қаза тапты. Ленин орденімен, медальмен марапатталған. Отырар ауданындағы мектепке, туған ауылындағы көшеге аты берілген.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер
<references/>