Таужыныстардың аққыштығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Таужыныстардың аққыштығы Таужыныстарды уатуға жеткіліксіз, алайда бір сәтке де толастамайтың кернеулер жағдайында сол таужыныстардың баяу қарқынды иілу (майысу) деформациясына икемделу қабілеті. Бұл қабілетті жер қыртысының беткі өңіріндегі таужыныстар емес, жер қойнауларында орналасқан, яғни температура мен қысымның биік дәрежелі деңгейлеріне тән таужыныстар иемденуге бейім.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/>