Талдыбұлақ (Жамбыл облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ТалдыбұлақЖамбыл облысы, Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Меркі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде. Ауылда орта мектеп, фельдшерлік пункт бар.

Халқы

Саны (2009, 2021)<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
828 Үлгі:Өсім871 105,2 425 Үлгі:Өсім443 104,2 403 Үлгі:Өсім428 106,2

Тарихы

Ауылдың осы жерге қоныстануына Қарға батыр (шын аты Ақшора) тікелей ұйытқы болған. Ақшора жас кезінде Тілеміс батырдың қойын бағады екен. Тілеміс батыр Ақшораның зеректігін, тиянақтылығын, батылдығын, жүректілігін байқап оны өзіне жақын тартады. Сөйтіп жүріп өз қызын Ақшораға беріп, күйеу бала етеді. Сенімге кірген Ақшора Іленің бойында жатқан Бесторсық елін әкеп қоныстандыру үшін Тілеміс батырдан жер сұраған. Ол Меркі мен Ақтікеннің ортасындағы жерді бөліп береді. Ағайындар күңкілдегеннен соң, қайта ойланған Тілеміс батыр: "Меркі мен Қарасайдың ортасы жетер, мына Ақтікен мен Молалы өз ағайындарыма қалсын" депті. Сонымен, Ақшора өзіне берілген жерге ағайындарын көшіріп әкеліп, қоныстандырыпты.

1929 жылы колхоздастыру кезінде әр жерде отырған ауыл, осы қазіргі орнына бірігіпті. Сол кезде Қарға батыр ауылын Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы Ораз Исаевтың есімімен атаған. Ол істі болып кеткен сон, 1938 жылы ауылдың аты Жамбыл болып өзгереді.

Ауыл маңы табиғаты

"Молалының" ішінде "Қарғаның талы", "Қарғаның шоқысы", "Бозтікен" шатқалында "Қарғаның кезеңі" деген жерлер бар. Ол жерлерді кейде "Сұлу шоқы" деп те атайды.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Меркі ауданы елді мекендері