Сәуле Жүнісқызы Әбішева
Сәуле Жүнісқызы Әбішева (27.3.1955 жылы туған, Алматы қаласы) – филология ғылымның докторы (2003), профессор (2005). ҚазПИ-ді (1976, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1987) бітірген. Алматы қаласындағы орта мектепте мұғалім (1976–1983), 1987 жылдан ҚазПИ-де оқытушы, диссертациялық кеңестің ғалым-хатшысы (1993–1998, 2002–2005), ал 2006 жылдан осы университте кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Табиғат әлемінің» поэтикалық жүйесі: құрылымы мен семантикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зертеу жұмыстарының негізгі бағыты – 20 ғасырдағы қазақ және орыс поэзиясын қарастыру, өлеңтану, поэтикалық мәтін жүйелілігінің теориялық мәселелері. Әбішева 130 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 1 монография авторы.
Шығармалары:
- «Табиғат әлемінің» поэтикалық жүйесі: құрылымы мен семантикасы», 2002;
- «Табиғаттану жүйелері эстетикасы», 2004
Сыртқы сілтемелер
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>