Сәрсенғалиев Жақсылық Төлеуұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сәрсенғалиев Жақсылық Төлеуұлы — әнші-термеші, жыраулық өнер дәстүрін насихаттаушы.
Өмірбаяны
Орта мектепті ауылда бітіріп (1962), кәсіптік-техникалық училещеде оқыған, шофер, тракторшы мамандығын меңгерген.
- 1963-1968 жылы ауылда еңбек ете жүріп, жас өнерпаздар үйірмесіне қатысқан.
- 1968-1970 жылы Алматы эстрадалық «Өнер» студиясында оқып, Қазақстан Халық артисі Ғ.Құрманғалиевтің класында дәріс алған.
- 1970-1972 жылы сол студия жанындағы ансамбльде,
- 1972-1982 жылы «Қазақконцерт» бірлестігіңде әнші.
- 1981 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін оқып
бітірген.
- 1982-1987 жылы Құрманғазы атындағы академия ұлт аспаптары оркестрінде әнші болды.
- 1987 Сәрсенов жылдан Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында әнші.
Сәрсенғалиев Мұхит Мерәліүлы атындағы республикалық ән байқауларының екі дүркін бас жүлдегері. Концерттік сапармен 20-дан астам шет елде, ТМД елдерінде өнер көрсетті, сондай-ақ оның орындауындағы көптеген ән-термелер ұнтаспаға жазылған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>