Сырлытам үңгірі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Үңгір Сырлытам үңгіріМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылының солтүстігінде 21 км жерде орналасқан.

Сипаты

Сурет:Сырлытам үңгірі.jpg
Сырлытам жерасты үңгірінен табылған заттық бұйымдар.

Сырлытам лақат бөлмелі қабірді 1999 жылы ауыл тұрғындары кездейсоқ тауып алған. Ескерткіш 2000 жылы «Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен зерттелген.

Катакомбада 4 м тереңдікте үш адамның сүйегі табылды, көшпелі елдің ақсүйектер қоғамына қатысты болуы керек. Өкінішке орай зерттелгенге дейін мола тоналған. Оның сол жағында ұзын және жіңішке қылыш, қанжар мен 15 жебе ұштары жатыр. Қылыш пен қанжар ағаш қынапқа салынған. Қанжар сабы қошқар мүйізімен безендірілген. Жебе ұштары үш қырлы және ұңғылы келген, кейбіреулерінде ағаш қалдықтары сақталған. Жерленген адамның бас жағында тастан жасалған құрбандық табағы қойылған, аяқ жағында қойдың алдыңғы аяғы салынған ағаш ыдыс орналасқан. Ертедегі көшпелілер арасында қару-жарақтың осы түрлерін қолданған.

Әйел адамның оң жағында 50-60 жастағы ер адамның сүйек қаңқасы аршылды. Сүйектерінің орналасуына қарағанда, мәйіт денесі көп уақыт бойы текемет тәрізді төсенішке ұқыптап оралған. Кейін жартылай шіріген адам сүйегін келесі орынға орналастырған. Ер адамның мәйіті жерленгенге дейін, ұзақ сапар шеккен. Жерленген әйелдің сол жақ аяғының тұсында оралған қап орналасқан, мұнда басқа жерлеу орнынан алынған жасөспірімнің де сүйектері қойылған.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. ― Өскемен: AsT prime, 2012. ― 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер