Су айдынын ластау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Су айдынын ластау (Үлгі:Lang-en) - Қылмыстық заңнама бойынша - жер беті немесе жер асты суларын, мұздақтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау, бітеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту, бұл әрекеттердің жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіруі экологиялық қылмыс болып табылады.

Адамның денсаулығына зиян келтірген немесе жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай қырылуына апарып соқтырған жағдайда, қылмыстык, жауаптылық күшейтіле түседі.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң Үлгі:Wikify