Скрэб

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Скрэб (ағылш. scrub - бұта, қалың бұталы шөп) - Австралияның құрғақшыл аудандарда қуаң жер өсімдіктері, (ксерофильды), көбінесе мәңгі жасыл бұталардың және аласа ағаштардың қалың ормандары. Бұталы эвкалиптердің, (ең құрғақ аудандар), әртүрлі акациялар, казуарин, шөлмекті ағаш кездеседі, (ылғалдылау аудандарда); бұршақ, мирта тұқымдасынан көп бұташалар басым болады. Діңдері майысқан, өте бұтақталған, жапырақтары ксероморфты ағаштар болады. Ормандағы аласа ағаштар тобы көбінесе болмайды, әлсіз дамыған шөптесін жамылғыда, шымқабатты астық тұқымдастар, ащышөптер, кейбір суккуленттер болады. Скрэб деп осыған ұқсас Африканың және Үндістаннын өсімдіктер типін айтады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub