Серік Айтмақұлы Ыбыраев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ыбыраев Серік Айтмақұлы (24.3.1948 жылы туған, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Тасшоқы аулында) – медицина ғылымының докторы (1994), профессор (2001). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Алматы қаласындағы Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (19722004), бөлім және лаборатория меңгерушісі, Қарағайлы ауылы ауруханасының учаскелік терапевті, бас дәрігері (20042006) қызметтерін атқарды. 2006 жылдан Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының директоры. 120-дан астам ғылыми жарияланымның, 3 монографияның авторы. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала