Серікқали Ердіғалиұлы Бәйменше
Серікқали Ердіғалиұлы Бәйменше (1956 жылы туған, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы) – филология ғылым докторы (2004), профессор ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ). Ақтөбе облысы газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Қазақстанның батыс облыстары бойынша «Лениншіл жас» газетінің (қазіргі «Жас алаш») меншікті тілшісі, ҚазМУ-да аға оқытушы, Қазақстан КП ОК-нің Баспасөз орталығында кеңесші, Қазақ КСР-і Сыртқы істер мин-лігінің ақпарат бөлімінде 2-хатшы (1977–1991), ҚР Жоғ. Кеңесінің баспасөз қызметінде референт, кеңесші, баспасөз қызметі хатшысының орынбасары (1991–1994), ҚР Жоғ. Кеңесінің баспалық-редакц. бөлімінде (1994–1995), ҚР Парламент Сенаты аппаратында сектор меңгерушісі (1996–2003) қызметтерін атқарды. 2003 жылдан баспалық-редакц. бөлім меңгерушісінің орынбасары. Еуразия ұлттық ун-тінің профессор «Бейімбет Майлиннің белгісіз туындыларының шығармашылық тарихы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Б. бірқатар кітаптардың («Қос жүрек», 1990; «Майлының Бейімбеті», 1994; «Бейімбеттің сөзстаны», 1996; «Төртінші билік «тағылымы», 1996; «Тағзым», 1999; «Зергердің зертханасы», 2005). 1 монографияның авторы.
Сілтеме
- http://www.egemen.kz/?s=%D0%A1%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BA%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B8%20%D0%91%D3%99%D0%B9%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%88%D0%B5&x=11&y=2
- http://to-islam.at.ua/news/9
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>