Семей Қаржы-экономикалық Институты
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Семей Қаржы-экономикалық Институты — экономикалық жоғары оқу орны. 1992 ж. құрылған. 1994 жылға дейін агротехнологиялық институт болып аталды. 1994 — 2000 ж. Семейдің бизнес және кәсіпкерлік институты деген атпен жұмыс істеді. Бүгінде институт құрамында қаржы-экономика, есеп-экономика және сырттай оқыту факультеттері, 6 кафедрасы бар. 10 ғылым докторы және 25 ғылым кандидаттары 1000-нан аса студентке дәріс оқиды. 11 бағытта бакалавр, 4 бағытта магистр және 2 мамандық бойынша аспиранттар даярлайды.