Сақтапберген Әлжіков
Үлгі:Санатсыз мақала Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Тұлға
Сақтапберген Әлжіков (1923, қазіргі Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылы — 1994, Алматы қаласы) — журналист, жазушы, соғыс ардагері.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), 1964 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
1951–1962 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде (қазіргі «Сыр бойы») қызметкер болды. 1964 жылы осы газетте бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 1966–1974 жылдары республикалық сатиралық «Ара» журналының жауапты хатшысы, 1974–1983 жылдары бас редакторы болды.
Сақтапберген Әлжіковтің шығармалары әртүрлі әдеби жинақтарда жарияланды. Бірнеше сын-сықақ және фельетон жанрындағы кітаптары жарық көрген.
1998 жылы Қызылжарма ауылындағы орта мектепке Сақтапберген Әлжіковтің есімі берілді.<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023</ref>