Сағындық қорымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сағындық қорымыМаңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласынан шығысқа қарай 30 км қашықтықта шоғырланған кесенелер тобы.

Тарихы

Ол 18 ғасыр мен 20 ғасырдың басында бой көтерген дәстүрлі бейіт құрылысының бір түріне жатады.

Сипаттамасы

Сағындық қорымы кешенінің алып жатқан аумағы үлкен болмағанымен, мұнда сәулет өнерінің түрлері тығыз орналасқан. Әсіресе Сағындық қорымындағы әрбір сағанатамның төрт қабырғасындағы тақта тас ойығына орналасқан көтеріңкі жұмыр, доғалдау жасалған бұрыштары оларды басқалардан ерекше етіп көрсетеді. Сағындық қорымындағы кейбір құлпытастар кесене ескерткішінің батысы мен шығыс жағынан да қойылып отырған; қорымда жан-жағы қойтастармен қоршалған құлпытастар молынан ұшырасады. Сыртқы бітімі төрт бұрышты сандық тәрізді сағанатам мен оған таяу тұрғызылған құлпытастарға және тұғыртасқа бір-бірінің үстіне қойылған текшелі қойтастарға көбіне жерленген кісінің аты-жөні жазылған, бояулы ою-өрнектермен (кейде фантастикалық құстар мен жануарлардың нобай суреттерімен) өрнектелген.<ref>Ажигали С.Е., Архитектура кочевников — феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона), А., 2002.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub