Сағидолла Исаұлы Нұрғалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сағидолла Исаұлы Нұрғалиев (1.1.1934 ж. бұрынғы Приурал ауданы, Чинаров ауылы) — еңбек ұжымының жетекшісі, Социолистік Еңбек Ері. Еңбек жолын 1950 жылы ұжымшар механизаторы болып бастаған. Кеңес Армиясы қатарындағы қызметтен кейін зейнетке шыққанша осы ұжымшарда механизатор, трактор бригадасының бригадирі болған. 1976 жылы астық жинаудағы жоғарғы көрсеткіштері үшін мәртебелі атақ иеленген.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub