Сарықобда (ауыл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Сарықобда (1993 ж. дейін — Бессарабка)<ref>Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан</ref> — Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл, Сарықобда ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Алға қаласынан батысқа қарай 63 км-дей жерде, Сарықобда өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 813 адам (406 ер адам және 407 әйел адам) болса, 2009 жылы 428 адамды (226 ер адам және 202 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 381 адамды (204 ер адам және 177 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Ауыл 1999 жылға дейін Бессарабка аталып келген. 1953-1996 жылдары астық өсіретін Нариманов атындағы ұжымшардың орталығы болған. Ұжымшар негізінде 1997 жылы “Нариманов” ЖШС құрылды. Ең жақын темір жол стансасы — Алға (70 км).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Алға ауданы елді мекендері