Сарлыбай кесенесі (Қазалы ауданы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Сарлыбай кесенесі (Қазалы ауданы)Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Қазалы ауданы, Жанкент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км жерде орналасқан.

Кезеңі

1891 жыл.

Сипаты

Кесене күйдірілген тікбұрышты кірпіштерден (7×14×28 см, 10 қатар+ 10 жым = 0,88 м) тұрғызылған, өлшемдері - 8,60×10,43 м, биіктігі - 6,0 м, екі камералы, біріншісі - ұзын тар дәліз түрінде болып келген кіреберіс камерасы, екіншісі - жоспарында дөңгелек, күмбезбен жабылған жерлеу камерасы. Созыңқы тікбұрыш іспетті болып келген кіреберіс бөлік негізгі аумаққа оңтүстік жақтан жалғасқан. Аркалы болып келген кіреберіс ойығы шығысқа қаратылған. Ол сәулелі кескінді аркамен жабылған.
Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өту қаландылардан шығарылған бұрыштық парустар арқылы іске асырылған. Камераның қабырғалары күмбездің негізіне дейін сыланып, әктелген, кіреберіс ойықтың жоғарғы жағы аркалы болып келген. Бөлмеде сағаналы қабір бар, ол күйдірілген кірпіштен сатылы етіп қаланған.
Кесененің бұзылуына байланысты, оның кіреберісіндегі күмбезшесі жойылған. Күмбез бен ернеуінің кейбір бөліктері қираған. Қазіргі кезде ескерткіш жөндеуден өткізілген.<ref>Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы; Қызылорда облысы,Алматы, Аруна баспасы , 2011</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер