Салтанат Болатқызы Қалимолдаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Салтанат Болатқызы Қалимолдаева — медицина ғылымының докторы (2008).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1957 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған.

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1980, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), интернатурасын (1982), клиникалық ординатурасын (1989) бітірген.
1982-87 жылдары Қазақ КСР Шеттік патология ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, 1996-2006 жылдары Алматы қаласы Аймақтық диагностикалық орталығында дәрігер-иммунолог, бөлім меңгерушісі, 1996-2012 жылдары ҚР Президенті істерін басқару медициналық орталығының орталық ауруханасында кеңесші-иммунолог, 2007 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры, 2012 жылдан Диагностикалық клиниканың зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Созылмалы есекжем: этнопатогенетикалық емдік профилактикалық түзетулер әдісін құру және Heliobacter pylori инфекцияларының рөлі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты – инфекциялық иммунология және аллергология.
Квинке ісінуі және есекжем сияқты аллергиялық аурулардың жұқпалық себебін дәлелдеп, анықтады.
97 ғылыми еңбектің, 1 оқу құралының авторы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер