Салтанат Асқарқызы Егеубаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Салтанат Асқарқызы Егеубаева — медицина ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолдары

1974 жылы 1 қаңтарда Алматы қаласында туған.

Қазақ ұлттық медицина университетін (1997), Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ординатурасын (2000) жəне докторантурасын (2009) бітірген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жетекші маман (1997-98), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде оқытушы, аға оқытушы, доцент (1998-2001, 2007-10), кафедра меңгерушісі (2010-11), ЗдравПлюс/Abt Associate Inc мекемесінде кеңесші-үйлестіруші (2001-04), Халықаралық америкалық денсаулық сақтау одағында/ЮСАИД – Орта Азия аймақтары кеңсесінде бағдарламаларды үйлестіруші (2004-06), Колумбия университеті (АҚШ) Əлеуметтік қызмет мектебінің Орта Азия бойынша Зерттеу жобаларының директоры (2008-11) қызметтерін атқарды. 2011 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Стратегиялық даму жəне халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бас директордың орынбасары қызметінде.
Егеубаева денсаулық саласына қатысты көптеген халықаралық деңгейдегі ғылыми-зертттеу бағдарламаларына жетекшілік етіп, АҚШ, Франция жəне т.б. дүниежүзілік конференциялар мен симпозиумдарда баяндама жасады.

Ғылыми еңбектері

"Медико-социальные проблемы лиц старшего возраста" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми бағыты – жасы ұлғайған адамдардың медициналық-əлеуметтік проблемалары. 70-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның, 2 оқу-əдістемлік, 1 əдістемелік ұсынымдардың авторы.

Марапаты

"Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен (2011) марапатталған.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер