Сайлаубай Әбішұлы Әбішев
Үлгі:Тексерілмеген мақала Сайлаубай Әбішұлы Әбішев (1946 жыл, Арал ауданы) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері.
Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі. Әр жылдары облыстық партия және комсомол комитеттерінде жауапты қызметтер атқарған. Республиканың экономикасы мен мәдениетін дамыту ісіне белсене араласқан.
Қазіргі уақытта Қызылорда қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Сайлаубай Әбішев Шиелі ауданына қарасты «Қызыл Ту» ұжымшарының Ыбырай түбегінде күріш өсіруден дүниежүзілік рекорд жасалған тарихи орынға ескерткіш орнату бастамасын көтеріп, оның іске асуына тікелей үлес қосты.
Оның «Асыл қазынам – өмір сабағы» атты ғұмырнамалық-естелік кітабы жарық көрген.[1]
Сайлаубай Әбішев Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және бірнеше медальмен марапатталған. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023</ref>