Пірәлі Өтетілеуұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Пірәлі Өтетілеуұлы (1810 жылы туған, қазіргі Қармақшы ауданы Қарақ маңы – 1860, сонда) – би. Кіші жүздің Шөмекей руынан. 1840 жылдан ел билігіне араласқан. Ол Жанқожа батырдың Сыр бойындағы Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы күресіне қолдау көрсеткен. Жанқожа батыр Қазалы портын алу мақсатында Бұхар хандығынан әскери көмек сұрау үшін Пірәліні жіберген. Ол Қоқан және Хиуа хандықтарының қазақ ауылдарына өктемдік жасап, малдарын барымталау, адамдарын тұтқынға алып кету сияқты даулы мәселелерді шешуге араласып, орынсыз қантөгістерді болдырмауға тырысты. Базар жырау мен Т.Ізтілеуовтің жырларында Пірәлі туралы деректер келтіріледі.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub