Перфорациялық таспа
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Перфорациялық таспа – белгілі бір тәртіп бойынша тесіктер (перфорациялар) жасау арқылы әртүрлі ақпарат түсіруге арналған таспа түріндегі қағаз.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref>. Оның қалыңдығы 0,1 мм, ал ені 17,5; 20,5; 22,5 және 25,4 мм болатын қағаздан жасалған түрлері көбірек қолданысқа ие. Қалыңдығы мен таспа жасалған материалға, ал тесілетін тесіктің пішіні мен орналасу қалпы тескішке байланысты болады.
Перфорациялық таспаға 5-8 ақпараттық жол және таспаның орта тұсында 1 қатар транспорттық жол тесіледі. Ондағы тесіктер саны жазылатын немесе оқылатын кодқа сәйкес келуі керек.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала