Перизат Бәйтешқызы Сейітқазы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Перизат Бәйтешқызы Сейітқазы — педагогика ғылымының докторы (2009), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1966 жылы 20 қарашада Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (1990, қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) бітірген. 1990-98 жылдары осы университетте жастар ұйымының жетекшісі, аға оқытушы, 2001-08 жылдары Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 2008 жылдан доцент, 2011 жылдан кафедра профессоры қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – медиапед. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ақпарат құралдарының педагогикалық әлеуетін зерттеген ғалым. Ғылыми еңбегінде қазіргі замандағы білім жүйесіндегі медиаресурстардың рөлі, функциялары көрсетілді.
"Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне дайындаудың ғылыми-теориялық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 4 оқу құралының авторы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер