Онкостық қысым
Биологиялық рөлі
Онкостық қысым организмде маңызды биологиялық рөл атқарады. Қоректік заттарды сіңіру, ыдырау өнімдерін бөлу, клеткааралық сұйықтықты түзу процестері Онкостық қысым арқылы реттеледі.
Қан қысымы
Қан тамырларының қабырғасы электролиттерді жақсы өткізеді, сондықтан олардың концентрациясы қанда, лимфада және клеткааралық сұйықтықта бірдей болады. Соның нәтижесінде ішкі ортаның әр түрлі сұйықтықтарының осмостық қысымы бір деңгейде сақталады. Ал белоктарды қан тамырларының қабырғасы өткізбейді. Қанның құрамындағы белоктар суды ұстап тұратын бірден-бір шешуші фактор, сондықтан олардың мөлшеріне қарай су қаннан тінге (ұлпаға), не тіннен қанға өтіп отырады. Егер қанның құрамындағы белоктың мөлшері азайса (мысалы, адам ашыққанда), су қан тамырларынан тіндерге өтеді де, денеде ісік пайда болады.
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>