Онкоген болжамы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Онкоген болжамы — қатерлі ісіктің пайда болуы жөніндегі болжам 1969 ж. Хюбнер мен Тодаро айтқан. Бұл болжам бойынша әр омыртқалылар класы организмнің ұрық торшасында қатерлі ісікке айналуына әкелетін генетикалық мәлімет бар. Мәлімет С-типті вирустардың торша ДНҚ-на кіре алатын РНҚ-лы деп саналады. Мұндай мәлімет торша геномымен бірге келесі ұрпаққа беріледі. Оны вироген деп атайды, геном бөлігін онкоген деп атайды.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>