Ольга Владимировна Коржева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Коржева Ольга Владимировна (14.6.1969 ж.туған, Алматы) – актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998). Ресейдегі Свердлов театр инcтиутын бітірген (1990). Сол жылдардан бастап Алматыдағы Республикалық балалар мен жастар театрының сахнасында өнер көрсетті. Оның осы театр сахнасындағы ойнаған рөлдері қатарына Софья (А.С. Грибоедов, “Ақылдың азабы”), Аққу ханшайым (А.С. Пушкин, “Салтан патша туралы ертегі”), Елена (М.Булгаков, “Ақ шармық”), Лара (Б.Пастернак, “Доктор Живаго”), Гертруда (У.Шекспир, “Гамлет”) және т.б. бар. Сыртқы ұстамдылық пен ішкі жан тебіренісін өзара шендестіру Коржева өнеріне тән қасиет.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub