Ойраш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Ойраш (Үлгі:Lang-la) – қоңыраугүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том, Красная книга Казахстана, А.-А., 1981.Д. Айдарбаева</ref>

Қазақстанда Өгем жотасының (Батыс Тянь-Шаньда) оңтүстік-батысындағы орташа биіктіктегі тау белдеулері мен жартастардың қорымдарында өсетін 1 түрі – көрікті ойраш ( magnіfіca) бар. Биіктігі 1 метрдей. Сабағы мықты, сырты тегіс, іші қуыс болады. Шоқтанып орналасатын жапырақтарының пішіні жұмыртқа тәрізді, жиектері ара тісті ойықталып келген. Тостағанша гүлжапырақшалары жіңішке қандауыр тәрізді, күлтесі ашық көгілдір, сирек ақ түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. ‘’Көрікті ойраш’’ сәндік үшін өсіріледі, Орта Азияның өте сирек кездесетін реликт өсімдігі. Қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Қызыл кітап

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub