Нәзір құрбаны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Белгілі шарттардың орындалуына байланысты немесе байланыссыз мұсылман баласының бір малды құрбандыққа шаламын деп, Аллаһ Тағалаға уәде етіп, уәденің уақыты келгенде шалатын мал «Нәзір құрбаны» делінеді. Мысалы, ауырып жатқан адам осы ауруымнан айықсам бір қойды құрбандыққа шаламын деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы - уәжіп.

Нәзір құрбанына шалынған малдың етінен шалғай адамның өзіне, балаларын, немерелеріне және әке-шешесіне, тіпті ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей садақа ретінде кедейлерге таратылуы тиіс. Шалынған құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан желінген жағдайда сол желінген бөлшектің құнын кедейлерге тарату керек.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Islam-stub