Новопетровск бекінісі
Новопетровск бекінісі – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген тарихи орын.
Орналасқан жері
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан 33 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.
Сипаты
Ескерткіш Маңғыстау МТМҚ ММ 2003 жылы анықталған. Бекініс 1846 жылы Каспийдың теңізінің шығыс жағалауын отарлау мақсатында тұрғызылған құрлыс. Бұл бекініс Форт-Александровск және Николаевский станица бекіністерін салуға негіз болған және XIX-XX ғасырларда маңызды тарихи оқиғалардың куәгері болған орындардың бірі болған. Қазіргі уақытта бекініс қабырғаларының қалдығы, гарнизон казармасының қабырғасы, артиллериялық батарея орындары, әкімшілік және шіркеу ғимараттары, ат-көлік жолдарының сорабы сақталған. Көлемі - 1,5 га.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>