Недзвецкий алмасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Недзвецкий алмасы (malus nіedzwetzkyana) – раушангүл тұқымдасының алма туысына жататын ағаш. Қаратауда, Талас Алатауының сілемдерінде кездеседі. Биіктігі 5 – 8 м. Бұтақ шоғыры тармақталып өскен, ағаш діңінің түсі қоңыр не қызыл. Жапырақтары эллипс тәрізді, саусақ салалы тілімденген, шеті ара тісті иректелген. Гүлдері қанық қошқыл қызыл түсті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі қанық қызыл түсті, етті, шырынды, тәтті. Недзвецкий алмасы– өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub