Надежда Александровна Завалко
Үлгі:Ғалым Надежда Александровна Завалко — педагогика ғылымының докторы (2002), профессор (2006), Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының (2009), Халықаралық Ақпараттандыру академиясының (2011) академигі.
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1956 жылы 19 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында туған.
Өскемен педагогикалық институтын (1979, қазіргі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті), аспирантурасын (1987) бітірген.
1979-2002 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректордың орынбасары, Жоғары педагогика, психология жəне мəдениет колледжінің директор-проректоры, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы білім беру мəселелері жөнінде ғылыми-зерттеу институтының директоры, кафедра профессоры қызметтерін атқарды.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Балабақша-мектеп-жоғары оқу орны көп сатылы жүйесіндегі оқыту процесін дараландырудың теориясы мен тəжірибесі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми еңбегі – көп сатылы жүйедегі білім беру процесін индивидуализациялау, дарынды балаларды оқытудағы даралау мəселесі.
250-ден астам ғылыми жарияланымның, бірнеше монографияның жəне оқу құралдарының авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі (2000);
- "Қазақстан Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2002);
- Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2005);
- "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2007).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>