Мәлік Өрісбайұлы Бәйдібеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мәлік Өрісбайұлы Бәйдібеков (17.8.1953 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Ұйымшыл ауылы) – мед. ғыл. докт. (1995). Алматы мемл. мед. ин-тын бітірген (1976, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті). 1976–1990 ж. Торғай облысында хирург, уролог, 1990–1994 ж. Шымкент №2 қалалық ауруханада жедел жәрдем бөлімшесінің дәрігері, 1995 жылдан облысы урология бөлімшесінің бас дәрігері. ҚР урологтарының басқарма және облыс хирургтарының ғыл. қоғамы басқармасының мүшесі. 121 ғыл. еңбегі жарияланған.
Сілтеме
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>