Мәлік Наурызғалиұлы Жекеев
Мәлік Наурызғалиұлы Жекеев - 1948 жылы 1 тамызда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қызыл ту ауылында туған. Қазақ. Әкесі -Жекеев Наурызғали Қалиғазыұлы (1920-1995), ¥ОС қатысқан, Ақтөбе облысы Қобда ауданының партиялық, кеңестік және шаруашылық органдарында басшылық қызмет атқарған, республикалық деңгейдегі дербес зейнеткер. Анасы - Жекеева Зейнеп Қалдықожақызы (1928 жылы туған), зейнеткер, батыр-ана.
Хронологиясы
- Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық институтының агрономия факультетін (Орал қ. 1971) ғалым-агроном мамандығы бойынша;
- Алматы жоғарғы партия мектебін (1978) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.
- «Қобда тарих пен тағылым мекені», «Әке туралы сөз», «Жер реформасы халық игілігі үшін» кітаптарының; жер реформасына, жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, мемлекеттік шекараларды лимиттеу мен маркалау тақырыбындағы 30-дан астам мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
- Қазақ, орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.
- КОКП (1972-1992),
- «Нүр Отан» ХДП (2006 жылдан) мүшесі.
- 1965 жылдан - Ақтөбе облысы Қобда ауданының В.И. Ленин атындағы ұжымшардың тракторисі.
- 1966 жылдан - Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық институтының студенті.
- 1971 жылдан - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Жарық» кеңшарында тұқым өсіруші агроном.
- 1972 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қобда аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
- 1976 жылдан - Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы.
- 1978 жылдан - Қобда аудандық Халықтық бақылау комитетінің төрағасы,
- 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облысы Қобда аудандық комитетінің екінші хатшысы.
- 1985 жылдан - Шалқар аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы,
- 1986 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шалқар аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
- 1991 жылдан - Ақтөбе облыстық атқару комитетінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
- 1992 жылдан - Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы.
- 2005 жылдан бері - Ақтөбе облыстық Жер қатынастары басқармасының бастығы.
- Ақтөбе облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1986-1992).
- Қазақстан Компартиясы XVII съезінің, КСРО Шаруалар одағының III съезінің делегаты. Облыстық партия комитетінің мүшелігіне, облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланды.
Жетістіктері
- «Құрмет» (2006) орденімен;
- «Ерен еңбегі үшін» (1974),
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
- «Тыңға 50 жыл» (2005),
- «Астананың 10 жылдығы» (2008),
- ҚР СІМ «РФ мөн ҚР арасындағы мемлекеттік шекара жөніндегі келісімге қол қою құрметіне» (2005),
- Ресей авиағарышының «Жер үстіндөгі ғарыштық инфрақұрылымдарды жасауға қосқан шығармашылық үлесі үшін» (2009) медальдарымен;
- БЛКЖО ОК белгісімен (1975) марапатталған.
- ҚР Құрметті жер құрылысшысы (2003).
- Ақтөбе облысының Жыл адамы (2004).
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданының (1998),
- Қобда ауданының (1999) Құрметті азаматы.
- Ақтөбе облысының Құрметті азаматы (2010).
Әскери атағы - запастағы майор. Діни көзқарасы - материалист. Саяси идеалы - Н.Ә. Назарбаөв. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның гүлденуі - Еуразиялық құрлықтағы өркениетті мемлекетке айналуы». Хоббиі - аң аулау, балық аулау, туризм; Қазақстан халықтарының тарихи мұраларын жинау. Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, тарихи романдар, деректі повестер, классика, әзіл әңгімелер. Үйленген. Жұбайы - Саттарова Сақыпжамал Айғалиқызы, Ақтөбө облыстық мәслихатының тексеру комиссиясының төрайымы. ¥лы - Абат (1972 жылы туған); қыздары - Әсия (1979 жылы туған), Әлия (1983 жылы туған). Немерелері - Әсет, Сұлтан, Әмір, Әсем, Аяна.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>