Мірәлі Баба күмбезі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Mirali Baba.JPG
Мірәлі Баба күмбезі

Мірәлі Баба күмбезі – архитектуралық ескерткіш. Сайрам ауылының маңында. Аңыз бойынша кесене 11–12 ғасырларда өмір сүрген киелі кісінің қабіріне 15–16 ғасырларда тұрғызылып, кейінгі кезде жойылып кеткен мазардың орнында тұр. М.Е. Массонның мәліметтері бойынша 1925 жылы күмбез әлдеқашан құлап қалған, ғимараттың соңғы қалдықтары мүлде бұзылған. Қазіргі құрылыс 19 ғасырдың аяғына жатады, көлемі 120х250х60 мм күйдірілген кірпіштен қаланған, жөнделген, сыланбаған, жобасы текшеленіп келген күмбезбен жабылған. Күмбездің сырты сыланған. Қасбеті биік аркалы қуысы бар порталмен нақышталған. Қуыс ойығынан кіре беріс есік шығарылған. Ішкі құрылымы аркалы қабырғалары бар шаршы үй болып келеді. Қабырғалары мен едені сыланған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Тағы қараңыз

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала