Мэлс Қосымбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мэлс Қосымбаев<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>(1970 жылы туған,Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданы,Жылысу ауылы ) – ақын, филология ғылымының кандидаты(1999) Мектепте оқып жүрген кезінде аудандық, облыстық ақындар айтыстарьша қатысты. 1990 жылы 3-республика ақындар айтысының, 1996 жылы өткен Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысының және 2001 жылы Республика тәуелсіздігінің он жылдығына орай өткізілген айтыстың бас жүлдегері.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
- Қазақстан Республиканың мәдениет қайраткері (2007)
- Орал педагогика институтын (1992) бітірген
- Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1988 – 2006)
- 2006 жылдан Маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді.
- Республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері (1988–2007).
- Қазақстанда алғаш өткізілген «Айтыс – Қазақстан чемпионатының» (2007) бас жүлдегері.
- Қосымбаев – Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманғы айтулы суырып салма айтыс ақындарының бірі.
Дереккөздер
<references/>