Муррей

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Муррей, Марри<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – Австралиядағы ең ірі өзен. Ұзындығы 2570 км (Дарлинг өзенімен қоса есептегенде 3750 км). Алабының ауданы 1057 мың км². Бастауын Австралия Альпісінің батыс беткейінен алып Александрина шығанақ-лагунаға құяды (Үлкен Австралия шығанағында). Басты салалары – Дарлинг және Маррамбиджи. Қар және жаңбыр суымен толығады. Көктем, жаз айларында (жаңбырлы маусымда) су деңгейі көтеріледі; ал қыста (құрғақ мезгілде) деңгейі төмендеп, салаларының көпшілігі құрғап қалады. Жылдық орташа су ағыны 10,5 км3, орташа су ағымы 330 м³/с. Суы жер суаруға пайдалынады. Өзенде Илдан, Хьюм, т.б. бөгендері, Барринджак, Хьюм СЭС-тері салынған. Балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Көліктік маңызы зор, сағасынан Олбери қаласына дейін кеме жүзеді. Өзен бойында Марри-Бридж, Морган, Ренмарк, Кундрук, Олбери қалалары орналасқан.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub