Мургаб,
Мұрғаб<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> –
Ауғанстан мен
Түрікменстан мемлекеттері аумағында орналасқан өзен. Ұзындығы 978 км, су жиналатын алабының ауданы 46,9 мың км². Бастауын Гиндукуш тауының Сафедкох (Ферозкох) жотасының баурайынан алып, Түркістан жотасының оңтүстік беткейлерінен ағып өтеді.
Түрікменстан жерінде аңғары кеңейіп, солтүстікке қарай суару жүйесіне тарамдалған. Мары қаласының маңында Қарақұм каналымен қиылысады. Салалары: Абикайсор (оң), Кашан, Гушгы (сол). Орташа су ағымы 52 м³/с. Өзен қар, мұз және жер асты суларымен толығады. Наурыз-мамыр айларында су деңгейі көтеріледі, қыста қатпайды. Мургабта 6 бөген салынған. Суы жер суаруға пайдаланылады. Мургаб бойында – Иолотан, Мары, Байрам-Али қалалары бар. Мургаб антикалық замандағы авторлардан бастап тарихи деректерде жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарын (Әмудария мен Мургаб өзендерінің жағалауы) амюргий-сақтар (хаумаварга-сақтары) мекендеген деп топшылайды.
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:WikifyҮлгі:Stub