Митоздық аппарат
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Митоздық аппарат (митотический аппарат); (apparatus mitoticus, лат. apparatus - аппарат, грек, mitos — жіп) — митоздық бөлінуді іс жүзіне асыратын құрылым. Митоздық аппаратты ахроматин ұршығы мен центриольдер құрайды. Профаза кезінде центриольдер жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ажырап, олардың аралығында жіңішке ахроматин ұршығының жіпшелері түзіледі. Митоздық аппарат митоздық бөлінуді іс жүзіне асырып, жас клеткаларға хромосомалардың тең бөлінуін қамтамасыз етеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>