Меңдеш Халелұлы Салықов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Салықов Меңдеш Халелұлы (1947 жылы туған, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қараарна ауылы) – кен инженері. 1970 – 94 ж. Мәскеудің Губкин атындағы мұнай, химия және газ өнеркәсібі институтын, Алматы политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ), АҚШ-тың Массачусетс университетін бітірген. 1963 – 79 ж. электр монтері, Прорва газ өндірісі басқармасында оператор, инженер, «Өзенмұнай» басқармасында ғылыми қызметкер, аға инженер, техникалық бөлім бастығы. 1979 – 95 ж. партком хатшысы, Ақтау қалалық атқару комитетінің төрағасы, облыстық әкім орынбасары болды. 1995 – 97 ж. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның төрағасы. «Еңбектегі ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub