Мектеп
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Primary Student of Pakistan.JPG
Оқушы формасы (Пәкістан)
Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады.<ref>Балалар Энциклопедиясы, 6 том.</ref> Мектептердің түрлері:
- 1) білім беру сипатына қарай: жалпы білім беретін және кәсіптік;
- 2) берілетін білім көлеміне қарай: бастауыш, орта, жоғары;
- 3) балаларды жынысына қарай бөліп оқытатын мектептер;
- 4) оқытудың тілдік нысанына қарай:
- а) ұлт мектебі;
- ә) орыс тілді мектеп, аралас тілді мектеп;
- б) дінге қатысына қарай: діни зайырлы;
- в) меншік түріне қарай: мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік (ақылы) мектептер болып сараланады; қара Қазақстан (оқу-ағарту жүйесі).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Жалпы білім беретін мектеп
Жалпы білім беретін мектеп - әрқайсысы дербес қызмет жасай алатын үш басқыштан: бастауыш, негізгі және жоғарғы басқыштардан тұратын, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, орта, жалпы білім беретін оқу орны.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>