Маңғытай күмбезтамы
Үлгі:Ғимарат Маңғытай күмбезтамы – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 190 км шығыс бағытта орналасқан.
Кезеңі
ХIХ-ХХ ғасырлар.
Сипаты
Ескерткішті 1989 жылы "Қазқайтажаңғырту" институты экспедициясы зерттеген.
Кесене Маңғытай қорымының орталық бөлігінде орналасқан. Ескерткіш бір камералы, тік бұрышты, көлемі 4,89×4,20 м, биіктігі 5,53 м дәстүрлі көлемде тұрғызылған: тік бұрышты призма цилиндр түріндегі барабан және конус түріндегі күмбез. Қабырғалары үш қабатты орталығында тас қаламасы бар: ішкі құрғақ қалама – "омыртқа" және беткі тақта тастар, сыртқы – көлденең қойылған үлкен тастар мен тігінен орнатылған тақта тастар.<ref> М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>