Махмұт Марипұлы Дараев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Махмұт Марипұлы Дараев 1949 жылы 1 мамырда Алматы облысы Шелек ауданы Ғайрат ауылында туған. Ұйғыр. Әкесі - Дараев Марвахун. Анасы - Дараева Бахархан. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк училищесінің музыкалық драма факультетін бітірген (1971), солист-вокалист. ¥йғыр, қазақ және орыс тілдерін біледі. 1971 жылдан бері - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының драма әртісі. «Табассум» шоу-бағдарламасының негізін салушы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Яшлық» ВАА құрамында Ленин комсомолы сыйлығын иеленген, «Блиц-мини ком» республикалық фестивалінің лауреаты. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу». Хоббиі - спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - романдар, поэзия. Үйленген. Жұбайы - Дараева Асиям (1957 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Ұлы - Дараев Руслан (1977 жылы туған), тіс дәрігері; қызы - Дараева Алиям (1980 жылы туған), тіс дәрігері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub