Максим Дмитриевич Зверев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Зверев Максим Дмитриевич(29 қараша 1896, Ресей, Алтай өлкесі, Барнаул қ. – 1996, Қазақстан, Алматы) – Қазақстанның халық жазушысы.

Өмірбаяны

Томск университетін бітірген (1923).

1923 – 1937 жылы Сібір өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Новосибирск қалалық зоопаркінің директоры, Томск университетінде доцент болған.

1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1937 – 1952 жылы Алматы зоопаркінде ғыл. бөлімнің меңгерушісі, директоры, ҚазМУ-де доцент қызметтерін атқарды.

1952 жылдан ғұмырының соңына дейін еркін шығармашылық жұмыспен айналысты.

Шығармашылығы

Алғашқы повесі – “Ақ марал” 1920 жылы жарық көрген. Повестер, әңгімелер, ертегілер, очерктер жинақтары: “Індер мен ұяларда” (1937), “Ормандағы кездесулер” (1938), “Алатау қорықтары” (1946), “Ертіс тоғайлары мен далаларында” (1950), “Орман алауы жанында” (1952; Қазақстанның Мемл. сыйл., 1953), “Алтын киік” (1957), “Көкпектінің аңшысы” (1963), “Дала қасқыры” (1975; Германияның “Бестлитсе” сыйл., 1976), “Орманда ауа райын болжау” (1987), “Орман күзетінде” (1987), т.б. атпен жарық көрді. Жазушы шығармашылығы Сібір мен Қазақстан табиғатына тікелей байланысты, оқырмандарды құстар мен аңдардың тіршілігімен таныстырып, туған табиғатты қорғап аялаушы ғалымдар, орманшылар, т.б. тұрмысы, мақсат-мүддесі туралы мол мағлұмат береді. Кітаптары бірнеше шет елдердің тілдеріне аударылған.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы”, 2 рет “Құрмет Белгісі” ордендерімен,, бірнеше медальдермен марапатталған.

Шығармалары

  • Приключения моих диких друзей, А.-А., 1939;
  • Рассказы о зверях и птицах. Омбы, 1953;
  • Рассказы старого охотника, А.-А., 1955;
  • На разливе, М., 1956; Избранное, А.-А., 1956;
  • О птицах и зверях нашей родины. М., 1960;
  • Избранное, в 2-х т. А.-А., 1976;
  • Собр. соч., в 3-х т., А.-А., 1983 – 85.

<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub