Көміртектік коэффициенті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Көміртектік коэффициенті - Уайт (1915) ұсынған мұнай іздеу критерийі. Мұнайлы түзілімдердің, олардың құрамындағы органикалық заттың метаморфизм дәрежесімен сипатталады. Органикалық заттың метаморфизм (көмірлену) дәрежесін білу үшін зерттелетін түзілімдер сериясында кездесетін көмір пайдаланылады. Сандық түрде көміртектік коэффициенті күлсіз кокс шығымының көмірдің органикалық массасына қатынасына сәйкес келеді. Уайт бойынша Көміртектік коэффициенті 65—70%-дан асса метаморфизм дәрежесі осыған сәйкес түзілімдерде тек қана газ болуы мүмкін, одан да үлкен мәндерінде мұнай болуы мүмкін. Қазіргі кезде органикалык заттың метаморфизм дәрежесін диагностикалаудың жетілген әдістері енгізілуіне байланысты (шағылдыру кабілетін анықтау) Көміртектік коэффициенті сипаттамалык параметр ретінде өзінің мәнін жоғалта бастады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Geology-stub