Көмекбаев ауылы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

КөмекбаевҚызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Көмекбаев ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 145 км-дей жерде, шөлде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1301 адам (668 ер адам және 633 әйел адам) болса, 2009 жылы 1063 адамды (544 ер адам және 519 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Тарихы

1964 жылы ҚазКСР Мин. Кеңесінің қаулысымен “Жаңақала” атты қаракөл шаруашылығымен айналысатын кеңшар болып құрылды. 1983 жылдан Кеңес Одағының батыры, осы жерде туып-өскен Тәйімбет Көмекбаевтың есімімен аталады. Ауылда “Жаңақала” АҚ және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл жерінде “Қарақ жалы”, Жәрімбет би кесенесі, т.б. тарихи орындар бар. <ref>«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қармақшы ауданы елді мекендері