Көккүмбет кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат

Көккүмбет кесенесіМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XI-XII ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылынан 7 км шығыс бағытта орналасқан.

Сипаты

Ескерткіш "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі "Ескерткіштер жиынтығын" жасау археология экспедициясымен 2008 жылы зерттелген.
Кесене дөң үстінде. Құрлысының негізгі көлемі 8,5×15 м, қабырғасының сақталған биіктігі - 5,3 м. Кесене - еңселі келген порталды 2 бөлмелі құрылыс. Қабырға қаландысы ірі көлемді әкті тақта тастан арасына лай балшық салып іргетассыз тұрғызылған. Қасбеттік қаландысы тегіс етіп өңделген және ескі сылақ іздері сақталған. Кесененің басты қасбетіндегі кірер қуысы сырт қарағанда терең ойысты, жебеге ұқсас арка түрінде жасалып П-әрпі тәріздес белдеулермен безендірілген. Оны қасбет бөлігіндегі қалған қаластыру қирандысының өзі де куәлендіреді. Бір сызық бойында орналасқан текше тәріздес бөлме құрылысының төбесі күмбезделіп, төменгі жағы төрбұрышты құрылыстың сегізқырлы күмбез түбі барабанның кесек қаландысына өткен жерінің қалдығы да сақталған. Құрылыстың төменгі жағы иіреленген өрнек пішінді гипсты құймамен безендірілген. Ол ортағасырлық Орталық Азия, оның ішінде Үргеніш құрылыстарының гипсты сталактиттеріне тән.
Құрылыстың төрт қабырғасында да ойыс шұнқырлар бар. Ішкі қабырғаға сылақ жағылып, үстінен әктелген. Бөлменің төменгі жағын, арка жиегімен жүргізген жолақ белдеумен безендірілген. Еденін кесекпен қалап, үстінен иленген лай балшықпен сылап отырып жағып шыққан.
Екінші кіші бөлмеде ұзынша, сатылы қабіртасты құрылыс орнатылған. Төргі қабырғада сатысы бар ойыс жасалған. Қасбетінде және ішкі көрінісінде көптеген суреттер салынған, олардың ішінде, жылқы, алақан, сонымен қатар, тағы да басқа тақырыптағы суреттер де кезігеді.
Жүргізілген тазалау жұмыстар барысында 2005 жылы тас тақта тастардан басқа, күйдірілген кесектерден (көлемі 19×20;22×22, 24×25см, қалындығы 5-9 см) көгілдір түске боялған көптеген тақта тас сынықтары табылған.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер